Жаңалықтар тізбегі
0

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚФ филиалына 6 млн теңге айыппұл салынды

ҚазТрансГаз аймақ филиалына айыппұл салынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2022 11:42 Сурет: Zakon.kz
Ақтауда «ҚазТрансГаз Аймақ» филиалына 6 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бәсекелестікті қорғау мақсатында жүзеге асырылатын монополияға қарсы реттеу жолымен тұтынушыларды табиғи газға қосу кезінде дәнекерлеу-монтаждау жұмыстары қызметі бойынша нарығындағы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалының іс-әрекеттерінде монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталды.

Айта кету керек, бұл нарық бәсекелестік ортаға жатады.

Алайда, монополияға қарсы заңнама нормаларын бұза отырып, ҚазТрансГаз Аймақ барлық жұмыс көлемін бір ғана субъектіге беріп отырған, осылайша бәсекелестікті шектеп, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарына қысым келтірген.

Монополиялық қызмет заңмен шектеледі.

Айыппұл монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) бес пайызы мөлшерiнде салынды (ҚР ӘҚБтК 159-бабының 3-1-бөлігі).

Іс-шара прокуратура органдарымен бірлесіп жүргізілді.

Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен Филиалға 6 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: