Жаңалықтар тізбегі
0

Карантинде ұлына той жасаған әкім қызметінен қуылады

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2020 20:55 видеодан алынды
Оған қоса айыппұл да төлейді.

Ақжол ауылдық округінің әкімі Тәтжан Өтемісов қызметінен босатылатын болды, деп хабарлайды zakon.kz.

3 қарашада COVID-19-ды таратпау жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Онда Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімі Тәтжан Өтемісовтың баласының үйлену тойының фактісі расталды ма деп сұрады.

"Мой город" басылымы бұл сауалға БҚО әкімі аппаратының басшысы Берік Батаев 9 қазан мен 9 қараша аралығында ауыл әкімі кезекті еңбек демалысында болғанын жеткізгенін хабарлады.

Бұл мәселеге қатысты арнайы тексеру жүргізілді. Тәтжан Өтемісов 9 қарашаға дейін демалыста. Ол 10 қарашадан бастап қызметінен босатылады. Сонымен бірге, Тәтжан Өтемісовке карантиндік шектеулерді бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, 41 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, - деді Берік Батаев.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде той қонақтары түсірген үйлену тойындағы видео пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, бұл - Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің ұлының тойы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: