Жаңалықтар тізбегі
0

"Атырау" ФК жанкүйерлері "Астанаға" қарсы матч кезінде алаңға бөтелке лақтырды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 16:34 Сурет: zakon.kz
Атырау футбол клубы жанкүйерлерінің әрекеті үшін ірі айыппұл төлейді.

Қазақстан футбол федерациясының тәртіптік-бақылау комитеті Астанадағы отырыс кезінде Қазақстан Республикасы чемпионатының регламентін бұзған футбол командаларына қатысты шешім шығарды, деп жазады Sputnik.

Қазақстан Республикасы чемпионатының Х туры аясында өткен "Атырау" — "Астана" ФК матчы кезінде көрермендер трибунадан алаңға бөтелке лақтырып, ал жанкүйерлердің бірі ойын кезінде алаңға жүгіріп шыққан. "Атырау" ФК 16 маусымға дейін 300 АЕК, яғни 721 500 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Қазақстан Республикасы чемпионатының регламентін бұзған, дәлірек айтсақ, қол алысу үшін алаңға шықпаған "Атырау" ФК бас бапкері Сосновский Андриан Вячеславовичке 100 АЕК, яғни 240 500 теңге айыппұл салынды.

"Қайратқа" қарсы матч біткен соң алаңға жанкүйерлері жүгіріп шыққаны үшін "Тобыл" ФК-на 500 АЕК айыппұл салынды, яғни 1 202 500 теңге. Айыппұлды 2018 жылдың 16 маусымына дейін төлеуі тиіс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: