Жаңалықтар тізбегі
0

Жемқорлар туралы хабарлаған бес шымкенттік 1 млн теңгені бөліп алды

ANTIKOR, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2020 15:15 ANTIKOR
Екі жалпы орта мектеп директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали 9 айдың жұмысын қорытындылаған онлайн брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғалар үшін заңнамалық түрде біржолғы ақшалай сыйақылар белгіленген.

Жыл басынан бері өтініштері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесуге ықпал еткен 5 тұлға көтермеленді. Олардың сыйақы мөлшері 1 млн теңгеге жуық соманы құраған.

Сондай-ақ, ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде тәулік бойы 1424 CaII-орталығының жұмыс істейтіндігін атап өтті.

Лауазымды тұлғалар тарапынан ақша қаражатын бопсалау, жымқыру, өкілеттілігін асыра пайдалануға тап болған кез келген азамат осы номерге хабарласа алады.

Мамандар хабарлама қабылдайды, кеңес береді және міндетті түрде тиісті шаралар қабылданады.

А.Жұмағали сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін 49 тұлға әшкереленгендігін атап өтті. Сотталғандар – 36.

Қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының айтуынша, параны жауапкершілікке тартпау, жұмысқа орналастыру, қызмет бойынша жалпы қамқорлығы, рұқсат құжаттарын бергені және т. б. үшін алуда.

Мәселен, ағымдағы жылы Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы әшкереленді. Ол оң сот шешімін шығару бойынша пара алғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотта тексеруші-мемлекеттік аудитор лауазымына тағайындау үшін 15 мың АҚШ доллары сомасында заңсыз сыйақы алды деген күдікпен қалалық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысына қатысты қылмыстық іс қаралуда.

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық фактілері орын алуда. Екі жалпы орта мектеп директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мәселен, Департаментпен №34 орта мектеп директорына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Ол қамқорлығы үшін өз қарамағындағы қызметкерлерден бірнеше рет пара алған және жымқырған деп күдіктелуде.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің қатысуымен бірқатар парақорлық фактілері анықталып, 10 тәртіп сақшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: