Жаңалықтар тізбегі
0

Жемқорлар туралы хабарлаған 214 адам 32 млн теңге сыйақы алды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2020 21:25 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Қаңтар айы бойынша 9 азамат жалпы 1,5 млн теңгеге (1 469 490 тенге) ақшалай көтермеленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз алаңында өткен шарада ведомствоның аға тергеушісі Данияр Бигайдаров жедел-тергеу жқмыстарының нәтижелері туралы баяндады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол өз сөзінде: "Өткен аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен 120-дан аса сотқа дейінгі тергеу тіркелді, оның көбі парақорлық – 24%, жымқыру – 17% және алаяқтық шамамен 13%", – деді.

Спикердің мәліметінше, сыбайлас жемқорлық және лауазымдық қылмыстар жасаған мемлекеттік органдардың бірқатар қызметкерлеріне қатысты 10 үкім шыққан, оның 3-і Ішкі істер органдарының қызметкерлері бойынша.

Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, ішкі істер органдарының қызметкерлері адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғаудың, қоғамдық тәртіпті сақтаудың және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кепілі бола тұра, сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім деп саналады.

Көтермелеу бойынша:

Өткен жылы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары туралы хабарлаған 214 азамат 32 млн теңгеге марапатталды (31 811 080 теңге).

Қаңтар айы бойынша 9 азамат жалпы 1,5 млн теңгеге (1 469 490 тенге) ақшалай көтермеленді.

Бұдан басқа, Президенттің тапсырмасын іске асыру бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарламалары үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі туралы Үкімет Қаулысы қабылданды.

Енді сыйақы сомасы ЭЫДҰ елдерінің көпшілігінде сияқты сараланған болады. Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адам айыптау үкімінен кейін пара сомасының 10% ала алады. Ең жоғарғы сыйақы 10,6 млн теңгені құрамақ.

Сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша қоңыраулар саны үш есеге, расталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеулерді тіркеу екі есеге артты. Бұл сенім деңгейі мен немқұрайлы емес азаматтар санының артқанын көрсетеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: