Дүйсенбіде доллар тағы өсті

rg.ru rg.ru
Доллар тағы 1,63 теңгеге қымбаттады.

Қазақстандық қор биржасы (KASE) сағат 11:00-дегі жағдайға сәйкес, доллардың орташа айырбас бағамы тағы 1,63 теңгеге қымбаттап, 434,29 теңгені құрағанын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Айырбас орындарында долларды сатып алу мен сату бағамы 434, 435,5 теңге, евро – 506 –508 теңге, Ресей рублі - 5,47 – 5,53 теңге.

Ал мұнайдың халықаралық бағалары 2 қарашадағы сауда-саттық барысында арзандауын жалғастыруда. Мұнай бағасы 3%-дан астамға түсті.

Мәселен, WTI мұнайының желтоқсан айына арналған фьючерстері 3,72%-ға арзандап, бареллі үшін $34,46 құрады.

Brent мұнай маркасының қаңтар айына арналған фьючерстері 3,29%-ға арзандап, баррелі $36,69-ға саудалануда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз