Доллардың бағамы тағы өсті

Обмен валют, обменник, обменный пункт, доллары, доллар, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2025 16:09 Фото: pixabay
6 қараша 2025 жылы Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы тағы қымбаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

15:30-дегі күндізгі сауда нәтижесінде АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 526,79 теңгені құрап, 1,71 теңгеге өскен.

Ресей рублі 6,48 теңгеге дейін төмендеді (-0,02), ал қытай юані керісінше 73,98 теңгеге дейін көтерілді (+0,37).

Валюта айырбастау пунктерінде доллар 526,7–528,7 теңге, еуро 605,1–610,6 теңге, рубль 6,41–6,53 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда.

Сонымен қатар 6 қарашадағы әлемдік мұнай нарығында баға ауытқуы байқалады:

Brent маркалы мұнайдың қаңтар фьючерстері барреліне 63,78 доллар болып, 0,41% өсті;

WTI мұнайының желтоқсан фьючерстері 59,87 доллар болып, 0,45% көтерілді.

Ұлттық банк таңертеңгі ресми бағамды келесідей белгіледі:

  • доллар – 524,94 теңге,
  • еуро – 602,79 теңге,
  • рубль – 6,45 теңге.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: