Қарағандыда саябақта велошабондоздың "басын кесіп алған"

Инстаграм Инстаграм
Тәртіп сақшылары бұзақыларды іздестіріп жатыр.

Қарағандыда тәртіп сақшылары саябақта орнатылған фигураларды бүлдірген бұзақыларды іздеп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

- Кеше кешкісін Қарағандыдағы орталық мәдениет және демалыс саябағында бұзақылар көрнекілікке арналған фигураларды бүлдірді. Салауатты өмір салтын бейнелейтін велошабондоз мүсінінің басын ұстап тұрған темірді де сындырған. Жануарлардың фигуралары шашылып жатыр. Жерге салынған тас төсеніштерді де сындырып, кесектерін көлге лақтырыпты. Не үшін бұлай істеген? Бұл шынымен де қызық па? Бұзақылардың еркелігінің асалдарын тағы да салық төлеушілердің есебінен жоюға тура келеді. Егер осыны істеген бұзақылар жазбаны оқып отырса, өміріңізді құртпай тұрғанда тез өзгеріңіз дегенді айтқымыз келеді, - делінген patriotkaragandy. парақшасында жарияланған видеоның астындағы жазбада.

Облыстық полиция бұл фактіні тіркегендерін хабарлады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері кінәлі адамдарды анықтау және ұстау шараларын жүргізуде, - делінген хабарламада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз