Семейде 18 жастағы қыз жоғалып кетті

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2018 22:40 ҚазАқпарат
Қазір қызды тәртіп сақшылары іздеп жатыр.

Семейде 18 жастағы қыз бала жоғалып кетті. 16 сәуір күні үйінен шыққан қыз сол күйі қайтып оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Із-түзсіз жоғалып кеткен Әйгерім Амренова қаладағы колледждердің бірінде білім алады. Қазір қызды тәртіп сақшылары іздеп жатыр. Әзірге нәтиже жоқ. Бүгін қызды іздеу жұмыстарына қаладағы "RINA. KZ-Семей" еріктілер қозғалысының мүшелері де шықпақ.

«Ата-анасы мен туған-туыстары да іздеп жатыр. Қазір оның ұялы телефоны өшіп жатыр. Сондықтан хабарласа алмай жатырмыз. Табылып қалады деген үміт бар. Кешкі сағат 18.00-де қозғалыс мүшелері мен еріктілер Әйгерімді іздеуге шығамыз», - деді қозғалыс жетекшісі Евгения Павел.

Әйгерімнің бойы - 167 см, орташа денелі, шашының түсі қоңыр, көзі жасыл, оң жақ бетінде меңі бар. Жалғыз баласынан көз жазып қалған ата-ана ол туралы қандайда бір ақпарат табылса 8 747 349 57 17, 8 702 141 22 50 нөміріне хабарласуды сұрайды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: