Семейде ер адам жоғалып кетті
sputniknews.kz
51 жастағы Айдын Айтқожин кеше таңертең жұмыстан шыққан, қазір қайда екені белгісіз.
Семейде инсульттен кейін ара-тұра есін жоғалтатын 51 жастағы ер адам жоғалып кетті. Айдын Айтқожин кеше таңғы тоғыздар шамасында жұмысынан шығып, сол күйі үйіне оралмаған, деп жазады sputniknews.kz.
Жоғалған ер адамның қызының айтуынша, ол қалада бұған дейін де адасып кеткен, алайда бір-екі сағаттан кейін табылыпты.
"Әкем Сорокин 7 көшесіндегі қалалық мұз айдынында күзетші болып істейді. Кеше таңертең ауысымнан кейін үйге оралмады. Алдымен өзіміз іздедік, кейін полицияға өтініш жаздық", — дейді қызы Назерке.
Айдын Айтқожиннің үстінде қара күрең пальто, қара қысқы кепка мен аяғында галошы бар пима болған.
Жоғалған ер адам туралы қандай да бір ақпарат білетіндер мына телефон нөмірлеріне хабарласа алады: 8-747-546-07-15 немесе 102.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript