Павлодарлық әйел жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Павлодарлық әйел жұмбақ жағдайда жоғалып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 18:22 Сурет: pxhere
VITA еріктілер жасағының мәліметінше, 18 мамыр күні сағат 17:00 шамасында 45 жастағы Нина Медведева Шөкин көшесіндегі 24-үйден белгісіз жаққа шығып кеткен. Оның қайда екені күні бүгінге дейін белгісіз, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілері: бойы 150-155 сантиметр, орта денелі, көк көзді, аққұба, шашы қысқа. Ерні мен сол жақ қасында тыртық бар.

Әйел қоңыр-сарғыш күрте, қара футболка мен джинс шалбар, ақ кроссовка және ақ "М" әрпі бар қара қалпақ киген. Оның қолында қоңыр түсті сөмке болған. 

Еріктілер із-түзсіз жоғалған адам туралы ақпараты бар кез келген адамды +7(747)615-55-63, +7(777)334-82-01 телефон нөмірі бойынша немесе полицияға хабарлауын сұрап отыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: