Панфилов ауданында заңсыз балық аулаған адам ұсталды

2 Қараша 2020, 17:06
Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Алматы облысының тәртіп сақшылары облыс аумағында жүргізіліп жатқан "Браконьер" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында табиғи байлыққа қол салған қаскөйлерді құрықтауда, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"31 қазанда арнайы рейд барысында Табиғат қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Мұхит Зейнелов "Toyota Land Cruiser Prado" маркалы автокөлікті тоқтатып, ішінен 5 қапқа салынған балық пен 2 дана жайын балығы мен резеңке қайық бар екенін анықтаған. 39 жастағы жүргізуші балық тасымалдауға тиісті құжаттарды көрсете алмады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335- бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Панфилов ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция майоры Айдар Умаров.

Полиция өкілінің ақпаратына сәйкес, заңсыз тауар тасымалдаған көлік тергеу аяқталғанға дейін автотұраққа қойылған. Тәртіп сақшылары тәркілеген 300 килограмға жуық балық арнайы қабылдау орындарына өткізіліп, түскен қаржы мемлекет пайдасына аударылады. Сондай-ақ, аудандық полицейлер күдіктінің мемлекетке әкелген материалдық шығынын есептеуде.

Алматы облысы Полиция департаменті таратқан ақпарат бойынша, "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы барысында табиғат қорғау полициясы 260 астам табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтамау дерегін әшкерелеген. Оның ішінде 16 дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?