ШҚО-да қолдан жасалған электроқармақпен балық аулаған браконьерлер ұсталды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2017 16:28 Zakon.kz
Салмағы 23,5 келі болатын әртүрлі балық түрлері тәркіленді
Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында қолдан жасалған электроқармақпен балық аулап жүрген браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2017 жылдың 8 қарашасында Шығыс Қазақстанда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен Шемонаиха аудандық ІІБ табиғат қорғау полициясының қызметкерлері бірлесіп, «Браконьер» жедел-профилактикалық шарасын жүргізу барысында Ертіс өзенінің бойындағы Зевакина ауылында заңсыз балық аулап жүргендер ұсталды. Олар Глубокое ауданының тұрғындары болып шықты. Заңсыз балық аулаушылар өздері қолдан жасап алған электроқармақтарымен балық аулаған. Олардан салмағы 23,5 келі болатын әртүрлі балық түрлері тәркіленді», - деп хабарлайды ведомстводан.

Аталған оқиға бойынша іс-материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін Шемонаиха ауданының ІІБ-не жолданып отыр.

Фото: www.inform.kz
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: