Ақтөбе облысында заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2024 09:37 Сурет: ҚР ІІМ
Ырғыз ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік инспекциясының инспекторларымен бірлесіп рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Құтыкөл өзенінен заңсыз балық аулаған екі жергілікті тұрғынды ұстады.

Ауыл тұрғындарынан 4 дана балық аулау торы, 2 резеңке үрлемелі қайық және 116 сазан балығы тәркіленді.

Тәркіленген балықтың жалпы салмағы 70 келіден асты.

Балық ресурстарын заңсыз аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында балық қорын қорғау саласында 240 құқық бұзушылық анықталды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: