Балқаш көлінде уылдырық шашу кезеңінде заңсыз балық аулаған тұрғын ұсталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2026 14:45 Фото: Zakon.kz
Жетісу облысында полиция қызметкерлері балық инспекциясы өкілдерімен бірлесіп, Балқаш көлінде заңсыз балық аулау фактісін анықтады.

Рейдтік іс-шара барысында көл аумақтарының бірінде тыйым салынған ау құралдарын пайдаланып, уылдырық шашу кезеңінде заңсыз балық аулаған 48 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Аталған азамат пластикалық қайықпен суға шығып, ау мен темір істіктің көмегімен балық аулаған.

Заңсыз әрекет салдарынан сазан, көксерке, мөңке және жыланбас секілді әртүрлі балық түрлерінен шамамен 30 келі ауланған. Алдын ала есеп бойынша келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгеге жуықтады.

Полиция қызметкерлері мен балық инспекциясы өкілдерінің жедел әрекетінің арқасында Балқаш көлінің су экожүйесіне келтірілуі мүмкін қосымша залалдың алдын алу мүмкін болды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары уылдырық шашу кезеңінде өңір аумағында балық аулауға қатысты шектеулер қолданыста екенін еске салады.

Бұл шаралар биологиялық әртүрлілікті сақтау мен табиғи ресурстарды қалпына келтіруге бағытталған. Полиция азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: