Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты аулаған браконьер ұсталды

Қызыл кітапқа енген жануарды заңсыз аулаған азамат ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2024 13:54 Сурет: pixabay
2024 жылдың 31 қаңтарда Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мемлекеттік инспекторларымен және Сарысу орман шаруашылығы мемлекеттік қызметкерлерімен бірлескен кезекті рейдтік іс-шара өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рейд кезінде Сарысу ауданында заңсыз қызыл кітапқа енген жануарлардың сирек кездесетін және құрып кетуге қауіпі төнген қарақұйрық аңын заңсыз аулаған азамат ұсталды.

Сурет: ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі

Ұсталған азаматтан 1 қарақұйрық, 1 қоян, 1 шіл аңдары және ұңғыл ату мылтықтары тәркіленді.

Аталған дерек бойынша, ҚР ҚК 337 бабының 4-ші тармағының 2-ші тармақшасына сәйкес қылмыстық істі сотқа дейін тергеп тексеру үшін Сарысу аудандық полиция бөліміне тапсырды.

"Жалпы табиғатқа 4 467 320 теңге залал келтірді." ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: