COV-19 деген жазуы бар 5G сигналын таратуға арналған құрылғы: Желіде фейк-видео тарауда

2 Қараша 2020, 17:16
Сурет: stopfake.kz

COV-19 деген жазуы бар 5G сигналын таратуға арналған құрылғыға қатысты желідегі видео фейк болып шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Stopfake.kz сайтының мәліметінше, желіде арнайы жұмыс киімін киген бір адам 5G сигналын тарататын бағанаға арналған монтаждау тақтасын көрсеткен видео тез тарады. Видеода құрылғыдағы COV-19 жазуы көрінеді. Ролик авторының пікірінше, бұл коронавирустық инфекцияның 5G сигналдары арқылы таралатындығы туралы теорияны дәлелдейді.

Вирустық видеоның кейіпкері камераға COV-19 жазуы анық көрінетін тақтаны көрсетеді. Оның айтынша, бұл құрылғы 5G сигналын және COVID-19 таратады.

Бірақ тақтадан өндірушінің деректері сияқты басқа да жазуларды көруге болады. Оларға сәйкес, бөлшек Тайваньда Hannstar фабрикасында жасалған. Компания теледидар жабдықтары мен дисплейлерді шығарумен айналысады. Ол телефониямен немесе интернет-жабдықпен байланысты ештеңе шығармайды.

Сондай-ақ, видеода автор көрсеткен бөлшектің SCART коннекторы бар екенін байқаймыз, ол теледидар мен басқа видео құрылғыға, мысалы, бейнемагнитофонға немесе DVD ойнатқышқа қосылу үшін пайдаланылады. Қазір коннекторлардың бұл түрлері ескі болып саналады. Олардың орнына HDMI порттары кеңінен қолданылады.

– Бұл COV-19 таңбалары жазылған ешқандай компоненттері бомлаған өте ескі теледидардың тіркемесінен алынған. Оның мобильді интернет-желілерге, сондай-ақ 5G қолдануға еш қатысы жоқ, – деп хабарлады Virgin Media компаниясының өкілі Саймон Дорнан өзінің Associated Press-ке жазған хатында.

Ролик авторының 5G желілерінің қауіптілігі туралы басқа мәлімдемелеріне де еш негіз жоқ. Жалпы, инновациялық әдістің жұмыс істеу принципі 3G және 4G желілерінің қазіргі жұмысынан ерекшеленбейді. Бір ғана айырмашылығы – жаңа формат жоғары өткізу қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Бірінші Pre-5G базалық станциясы 2015 жылы Барселонада іске қосылды. 2016 жылы бұл технология Ресейде алғаш рет сыналды. Ол кезде мәліметтерді тарату жылдамдығы 4,5 Гбит/сек болған.

Айта кетейік, сигналдың әрекет ету радиусында құстардың, жануарлардың немесе жәндіктердің жаппай қырылу фактілері тіркелген жоқ. Сондай-ақ, адамдардан тыныс алу, бас ауруы және басқа да аурулар туралы шағымдар болмаған жоқ.

5G желілері мен COVID-19 байланысы ДДСҰ сайтында жоққа шығарылған болатын.

– Вирустар радиосигналдармен немесе ұялы байланыс толқындарымен таралмайды. COVID-19 індеті 5G желілері тартылмаған көптеген елдерде таралуда, делінген ұйымның ресми интернет-порталында.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?