Киберполиция интернет-алаяқтыққа арналған жабдықтары бар екі шетелдік азаматты ұстады

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2025 13:58 Сурет: ҚР ІІМ
ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті ұялы байланыс операторларымен және "Қазақтелекоммен" бірлесіп, интернет-алаяқтар пайдаланатын техникалық арналарды анықтау бойынша белсенді шаралар қабылдауда.

Киберполиция қызметкерлері Көкшетау және Жезқазған қалаларының прокуратурасымен өзара іс-қимыл жасай отырып, заңсыз қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстанға келген екі жұмыссыз шетел азаматын ұстады.

"Екі қалада жүргізілген тінту іс-шаралары барысында 128 слоттан тұратын екі sim-box құрылғысы, үш мыңға жуық sim-карта, роутерлер, маршрутизаторлар мен ұялы телефондар тәркіленді. Ұсталғандардың екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Аслан Ускембаев.

Жыл басынан бері алаяқтардың 10 ұяшығының қызметі тоқтатылды. 11 адам ұсталды, оның ішінде төртеуі шетелдік. 36 sim-box жабдығы, 8 мыңнан астам sim-карта, 11 компьютер, 452 usb-модем тәркіленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: