Алаяқтық жасауға арналған 57 sim-box құрылғыcы анықталды

Алынған мәліметтердің көмегімен алаяқтар азаматтардың банк шоттары мен жеке аккаунтарына қол жеткізе алады. Ағымдағы жылдың наурыз айының бірінші онкүндігінде полиция қызметкерлері осындай төрт фактіні анықтады.
Астанада шетелдік азамат ұсталды. Ол ел аумағында алаяқтық жасау үшін желіге қосылған sim-box құрылғысын автокөлікпен тасымалдаған. Тінту барысында 128 слоты бар екі sim-box, қазақстандық ұялы операторлардың 19 sim-картасы және компьютерлік техника тәркіленді.
Сондай-ақ заңсыз ұялы байланысқа қатысы бар елордалық екі тұрғын ұсталды. Тінту барысында екі sim-box және компьютерлік техника тәркіленді.
Сондай-ақ заңсыз ұялы байланысқа қатысы бар елордалық екі тұрғын ұсталды. Тінту барысында екі sim-box және компьютерлік техника тәркіленді.
Аталған құрылғыларды заңсыз сақтағаны және пайдаланғаны үшін Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды.
Күдіктілер қылмыстық схемалар арқылы апта сайын мың долларға жуық криптовалютамен заңсыз табыс тапқаны анықталды.
Барлық күдікті адамдар қамауға алынды.