Желтоқсан айында спорттық шаралар өткізуге тағы тыйым салынуы мүмкін

3 Қараша 2020, 13:26
Сурет: Pixabay

Спорт тілшісі Айдын Қожахмет өзінің Telegram-арнасында Қазақстанда спорттық жарыстарға 1 желтоқсаннан бастап қайтадан тыйым салынуы мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәдениет және спорт министрлігі барлық федерацияларға барлық жарыстарды 1 желтоқсанға дейін аяқтауға кеңес берді. Бұл туралы ресми ақпарат жоқ, бірақ елімізде екінші рет карантинге жабылу ықтималдығы жоғары. Мүмкін карантин шаралы жәй күшейтілетін шығар. Қалай болған жағдайда да спорттық шараларға тыйым салынады, - дейді инсайдер.

Қазіргі уақытта Қазақстанда, атап айтқанда, футболдан ел чемпионаты жалғасуда.

Оның 8 қарашаға дейін ресми кестесі жарияланды, дегенмен ұлттық құраманың матчтарына байланысты үзілістен кейін тағы 4 раунд ойнауға тура келетіні белгілі.

- Қазақстанның ел біріншілігі осы айдың 21-нен бастап соңғы 4-турын өткізіп, ойынды 30 қарашада аяқтайды. Кейбір клубтар ойыншыларды қалпына келтіруге көбірек уақыт бөлу үшін чемпионатты 2 желтоқсанға дейін ұзартуды сұрағанына қарамастан, келесі айда ешкім ойнамайтынын Лига анық айтты. Бүған жанама түрде Qazsport телеарнасындағы бағдарламалық кестенің қайта қаралуы дәлел бола алады. Қараша айында арнаға үлкен ауыртпалық түседі, көп нәрсені түсіріп, көрсетіп үлгеру керек, сондықтан Премьер-Лиганың соңғы турлары толық көрсетілмеуі мүмкін. Теледидарда дегенім ғой. Біз матчтарды толықтай сайттан тамашалауға мәжбүр боламыз, - деді Айдын Қожахмет.

Ресми түрде бұл ақпарат әлі расталған немесе жоққа шығарылған жоқ.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?