Жаңалықтар тізбегі
0

Мектепте қысқа белдемше киюге тыйым салынуы мүмкін

mel.fm, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2018 15:45 mel.fm
Әзірге бұл ұсынысты Білім және ғылым министрлігі қарастырып жатыр.

Мектеп қабырғасында хиджабпен бірге қысқа белдемше киюге де тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz, «Хабар 24» арнасы берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін Сенатта Қоғамдық даму министрлігінің өкілдері осылай деп мәлімдеді. Әзірге бұл ұсынысты Білім және ғылым министрлігі қарастырып жатыр. Жыл басынан бері ел мектептерінде хиджаб киетін 2 жарым мың қыз бала оқып жатқаны анықталды.

Олардың ата-аналарымен тығыз жұмыс жүргізілгеннен кейін, бұл көрсеткіш күрт төмендеді. Сондай-ақ енді ел тұрғындары көшеде бетін жауып жүре алмайтын болады. Мұндай шешім қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Бүгін Сенат депутаттары комитет отырысында тиісті заң жобасын қолдады.

Берік Арын, ҚР Қоғамдық даму министрінің орынбасары: – Біз жаңалық ашып отырған жоқпыз. Қазір Еуропа елдерінде ондай нормалар заңға енгізіліп тастады. Ең біріншіден, қауіпсіздік тұрғысынан қажетті нәрсе. Бұл жерде тек балаклава, паранджа, ниқабты айтып отырған жоқпыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: