Елордада қаңғыбас жануарларды ұстау туралы "жарамсыз құжат" ұсынған шенеунік жазаланды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі
Шендіге сөгіс жарияланды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі қаңғыбас жануарларды ұстау туралы "жарамсыз құжат" ұсынған шенеунікті жазалады, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысы Д.Досқұловқа жануарларды қорғау саласындағы заңнамалық актілердің әзірленуі мен қабылдануына тиісті бақылаудың болмағаны үшін сөгіс жарияланды.

Жануарларды ұстау жұмыстарын күшейту туралы "Ашық құқықтық актілер" порталына жүктелген құжаттың жарамсыз екендігін хабарлаймыз. Қаңғыбас жануарларды ұстау және аулау ережелерін қатайту мәселесі қалалық әкімдікте қаралмайды.

"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заң қабылданғаннан кейін оны жүзеге асыруда жануарларды қорғау ұйымдары өкілдерінің пікірлері ескеріліп, құқықтық актілер қабылданатын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз