Біреу "АҚШ-тың президенттік сайлауында Байден жеңеді" деп 305 млн теңге бәс тіккен
Ұлыбритания тұрғыны Джо Байденнің АҚШ-тағы президенттік сайлаудағы жеңісіне 1 миллион фунт стерлинг (565 миллион теңге) бәс тікті, деп хабарлайды zakon.kz.
29 қазанда ставка жасаған ойыншының кім екені белгісіз, деп хабарлайды CNN.
Сарапшылар Байденнің жеңіске жету мүмкіндігі 65%, ал Трамптікі 35% деп бағалайды. Егер Байден жеңсе, ер адам тіккен миллионына қоса 540 мың фунт стерлинг (305 миллион теңге) пайда табады.
Бұл Ұлыбританияда көлемі жағынан тігілген үшінші жоғары бәс екендігі айтылады. Бұған дейін теннисші Рафаэль Надальға 2010 жылы 1,1 миллион фунт стерлинг, ал кіші Флойд Мейвезердің Конор МакГрегорға қарсы жеңісіне 1 миллионнан сәл артық бәс тігілген екен.
Бұған дейінгі 2016 жылғы сайлауда Трамптың жеңісіне 555 мың фунт стерлинг бәс тігілген екен. Сонымен қатар, британдықтар дәл сол 2016 жылы елдің Еуропалық Одақтан шығатынын болжап, бәс тігіпті.