Коронавирустан қайтыс болғандар саны қайта арта бастады

ҚР ДСМ ҚР ДСМ
Өткен тәулікте коронавирустың салдарынан 6 адам қайтыс болды.

3 қарашада бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болған науқастар туралы мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Коронавирустың салдарынан 6 адам қайтыс болды (2 қарашада 4 адам көз жұмған). Ал КВИ белгілері бар өкпе қабынуынан бір адам қайтыс болды.

Жалпы, пандемия басталғалы бері коронавирус инфекциясы салдарынан 1 867, ал коронавирус белгілері бар пневмониядан 405 адам қайтыс болды.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 4 981 адам ем-дом алып жатыр, оның ішінде 340-ы - бала. Ауруханаларда 2 510, амбулаториялық деңгейде 2 471 науқас ем алуда.

148 адамның жағдайы ауыр, 18-інің денсаулығының жағдайы өте ауыр деп бағаланады, 20-ы жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз