Трамп мәлімдеме жасап, сайлауда заңбұзушылықтарға жол берілгенін айтты

4 Қараша 2020, 14:03
Сурет: Pixabay

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп сайлауда жеңіске жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы халық алдына шығып сөйлеген сөзінде айтты.

Мемлекет басшысы америкалықтарға сайлауға қатысқаны үшін, оның отбасына қолдау көрсеткені үшін, сондай-ақ вице-президент Майк Пенске жақсы жұмыс істегені үшін алғыс білдірді.

- Біз үлкен мерекеге дайындалып жатырмыз. Біз барлық жерде жеңіп жатырмыз. Нәтижелері керемет болды. Америка азаматтары рекордтық деңгейде дауыс берді. Мысалы, Флоридада жеңеміз деп ойлаған жоқпыз, бірақ сол жерде де жеңдік. Біз Огайо, Техас, Джорджия, Солтүстік Каролина, Аризона, Пенсильвания, Мичиганда жеңіске жеттік. Олар [демократтар] бізді енді қуып жете алмайды, - деді Трамп халық алдындағы сөзінде.

Сонымен қатар, Трамп пошта арқылы дауыс беруге байланысты алаяқтықтар орын алғанын мәлім етті.

- Бұл - біздің ұлтымыздың үлкен алаяқтығы. Біз АҚШ-тың Жоғарғы сотына барамыз. Біз түннің бір уағында олар қандай да бір дауыстарды тауып, нәтижеге қосқанын қаламаймыз, - деді ол.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?