Трамп Украинадағы бейбіт келіссөздерге кім көмектесе алатынын айтты

Владимир Зеленский и Дональд Трамп, Дональд Трамп и Владимир Зеленский, Зеленский и Трамп, Трамп и Зеленский , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2025 14:44 Фото: president.gov.ua
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға кім нақты рөл атқара алатынын сенімді түрде мәлімдеді, деп жазады Zakon.kz.

Оның айтуынша, бұл бағытта Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған көмектесе алады.

"Ердоған мұны істей алады. Оны Ресейде құрметтейді, ал Украинада қалай екенін білмеймін. Бірақ Путин оны құрметтейді, ал ол – менің досым", – деді Трамп.

Бұл мәлімдемесін ол Шарм-эш-Шейхтен Вашингтонға ұшып бара жатқан ұшағында жасаған.

Сөз арасында Трамп Ердоғанмен достығы жайлы айта келе, өзі "мықты адамдармен тіл табыса алатынын" жеткізді.

"Мен әлсіздермен жақсы қарым-қатынас орната алмаймын. Мен күштілермен тіл табысамын. Басқаша қалай істеуге болатынын да білмеймін. Бірақ Ердоған маған жақсы қарайды. Білесіз бе, НАТО-да Ердоғанмен байланысты қиындықтар туындағанда (ал ондай жиі болады), олар маған хабарласып, онымен сөйлесуімді сұрайды. Мен бірден мәселені шешемін", – деді АҚШ президенті.

Сол сапар барысында Трамп 17 қазанда Украина президенті Владимир Зеленскиймен Ақ үйде кездесетінін растады.

Өз кезегінде Зеленский Telegram-арнасында украин делегациясы АҚШ-қа аттанғанын хабарлады. Құрамында премьер-министр Юлия Свириденко, Президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров және бірқатар дипломаттар бар.

Бұған дейін Мысырда Газа секторындағы атысты тоқтату туралы қорытынды келісімге қол қойылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: