Трамп Путинді Украинадағы соғысты доғаруға шақырды

Дональд Трамп, Владимир Путин, Украинадағы соғыс, доғару, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2025 21:36 Сурет: Instagram/realdonaldtrump
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейді Украинадағы әскери қақтығысты дереу тоқтатуға және келісімге келуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы АҚШ президенті 22 қаңтарда Truthsocial әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Мен Ресейге зиян тигізейін деп жатқаным жоқ. Мен орыс халқын жақсы көремін және радикалды солшылдардың жалған айыптауларына қарамастан президент Путинмен әрқашан жақсы қарым-қатынаста болдым", - деді Трамп.

Сондай-ақ ол Ресейдің екінші дүниежүзілік соғыста ұлы жеңіске үлкен үлес қосқанын, ондаған миллион адамын жоғалтқанын атап өтіп, орыс халқына құрмет білдірді. 

Трамп егер жақын арада бейбіт келісімге қол жеткізілмесе, ол ресейлік өнімдерге жоғары салықтар, тарифтер мен санкциялар енгізуге мәжбүр болатынын мәлімдеді.

"Біз мұны оңай немесе қиын жолмен жасай аламыз, оңай жол әрқашан жақсырақ", - деді ол.

АҚШ президенті соғыс жүрмеуі керек деп санайды, өйткені бұл тек жаңа адамдар шығыны мен экономикалық зардаптарға әкеліп соғады. 


"Осылай дей отырып, мен экономикасы құлдырап бара жатқан Ресейге және президент Путинге үлкен жақсылық жасайын деп тұрмын. Мына басқа сыйғысыз соғысты аяқтаңыз, қазір тоқтатыңыз! Әйтпесе, бұдан да жаман болады! Мәмілеге келетін уақыт келді. Енді адамдар өлмеуі керек", - деп сөзін түйіндейді Трамп.

Бұған дейін екінші мерзімнің бірінші күні АҚШ президенті Дональд Трамп Американың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығуына байланысты атқарушы актіге қол қойғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: