Трамп Зеленскийді соғысты тоқтатуға шақырды
Сурет: whitehouse
АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді Ресейге қарсы соғыс қимылдарын тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Трамп 29 шілде күні Ақ үйде журналистермен кездесуі кезінде мәлімдеді. Кездесудің тікелей эфирі Ақ үйдің YouTube-арнасында көрсетілді.
Екі ел президентінің кездесуі 28 шілдеде өтіп, шамамен бір сағатқа созылды. Кездесуге АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды мүшелері де қатысты. Кейіннен Дональд Трамп та, Владимир Зеленский де келіссөздің нәтижесіне оң баға берді.
Журналистер Трамптан Зеленскиймен соңғы кездесуінің қалай өткенін сұрады.
"Мен оның соғысты тоқтатқанын қалаймын. Барлығы өте қарапайым. Менің Путинмен де, Зеленскиймен де қарым-қатынасым жақсы. Мен оған: "Соғысты тоқтатыңыз", – дедім. Өткен айдың өзінде 25 мың адам қаза тапты", – деп жауап берді ол.
Бұған дейін АҚШ Иранға қарсы әуе соққыларын қайта бастағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript