Трамп Зеленскийді Ресеймен келіссөздерден бас тартқаны үшін сынға алды

23 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді Украинадағы қақтығысты тоқтатуға "жақын қалғанда" келіссөздерді бұзды деп айыптап, сынға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Truth Social сайтындағы жазбасында Трамп Зеленскийдің Қырымды Украинаға қайтаруға деген ұмтылысын бейбітшілікке жолында "өте зиянды" деп атады.
"Дәл Зеленскийдікі сияқты арандатушылық сипаттағы мәлімдемелер қақтығысты реттеуді қиындатады", – деп жазды Трамп.
Зеленский өз кезегінде Қырым түбегінен бас тарту туралы ұсыныстарды үнемі жоққа шығарады.
"Бұл жерде сөйлесетін ештеңе жоқ", – деді ол сейсенбіде өткен баспасөз мәслихатында. "Бұл біздің Конституциямызға қайшы келеді".
Сәрсенбі күні кешкісін Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында Трамп Зеленскиймен келіссөздер Ресей президенті Владимир Путинмен қарым-қатынастан да "қиынырақ" екенін айтты.
"Бізге Зеленскиймен келісімге келу керек. Мен Зеленскиймен жұмыс істеу оңайырақ болады деп ойладым. Әзірге бұл анағұрлым қиын болып тұр", – деді Трамп.
Бұған дейін Трамп ұсынған бейбіт келісімнің мазмұны белгілі болғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript