АҚШ Иранға қарсы әуе соққыларын қайта бастады

АҚШ Иранға қарсы әуе соққыларын қайта бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2026 11:53 Сурет: CENTCOM
30 шілдеде Қазақстан уақытымен сағат 05:00-де АҚШ әскері Иран аумағына жаңа әуе соққыларын жасай бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) мәлімдеді.

"АҚШ әскери күштері Иранға соққы бере бастады. Бұл операция – Иранның кеше Таяу Шығыста орналасқан америкалық әскери бөлімдерге шабуыл жасау әрекетіне берілген қатаң жауап", – делінген ресми хабарламада.

Қолбасшылықтың мәліметінше, әскери операция АҚШ-тың шығыс жағалауы уақыты бойынша кешкі сағат 20:00-де басталған.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық қарулы күштердің Иранға қарсы соққы жасайтынын ескерткен болатын. Оның айтуынша, бұл шешім Тегеранның түнгі уақытта Иорданиядағы АҚШ әскери базасына жасаған күтпеген шабуылына жауап ретінде қабылданған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: