12 шілдедегі саудада доллар қайта көтеріле бастады
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,80 теңгеге көтеріліп, 475,03 теңгені құрады.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,28 теңге болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 474,5-477,1 теңгеге, еуро 513,5-517,5 теңгеге, ресей рублі 5,33-5,43 теңгеге сатылуда.
Бұл ретте 12 шілдедегі аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қыркүйек айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,80%-ға өсіп, барреліне $86,08 құрады.
NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының тамыздағы фьючерстері 1,02%-ға өсіп, барреліне 83,46 долларды құрады.
Жалпы, апта басынан бері Brent маркалы мұнай 0,47%-ға арзандаса, WTI 0,44%-ға қымбаттады.
Ұлттық банк бұған дейін доллар бағамын 474,26 теңге, еуроны 514,48 теңге, рубльді 5,43 теңге деп белгілеген болатын.