5 шілдедегі саудада доллар өсімін жалғастырды

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2024 15:20 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 5 шілдеде сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттықты жапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аукционның қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,86 теңгеге қымбаттап, 476,27 теңгені құрады.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,18 теңгеге дейін өсті (+0,16).

Ақша айырбастау орындарында доллар 477,1-479,1 теңгеге, еуро 516,5-520,5 теңгеге, ресей рублі 5,29-5,41 теңгеге сатылуда.

Сонымен бірге, 5 шілдедегі аукционда мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қыркүйек айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,13%-ға өсіп, барреліне $87,54 құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының тамыздағы фьючерстері 0,32%-ға өсіп, барреліне 84,15 долларды құрады.

Ұлттық банк бұған дейін доллар бағамын 475,39 теңге, еуроны 513,37 теңге, рубльді 5,4 теңге деп белгілеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: