1 шілдедегі саудада доллар бағамы айтарлықтай өсті
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 3,34 теңгеге қымбаттап, 475,18 теңге болды.
Қытайдағы мерекеге байланысты юаньмен сауда болған жоқ.
Ақша айырбастау орындарында доллар 474,3-476,9 теңгеге, еуро 510-514 теңгеге, ресей рублі 5,33-5,45 теңгеге сатылуда.
Сонымен бірге, 1 шілдеде әлемдік мұнай бағасының өсуі жалғасуда.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қыркүйек айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,76%-ға өсіп, барреліне $85,65 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының тамыздағы фьючерстері 0,82%-ға өсіп, барреліне 82,21 долларды құрады.
Ұлттық банк бұған дейін доллар бағамын 471,46 теңге, еуроны 504,79 теңге, рубльді 5,53 теңге деп белгілеген болатын.