27 маусымдағы саудада доллар өсті
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,69 теңгеге көтеріліп, 465,52 теңгені құрады.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да 63,65 теңгеге дейін көтерілді (+0,04).
Ақша айырбастау орындарында доллар 465,5-467,9 теңгеге, еуро 498-502 теңгеге, ресей рублі 5,23-5,37 теңгеге сатылуда.
Бұл ретте 27 маусымда әлемдік мұнай бағасының өсуі жалғасты.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қыркүйек айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,43%-ға өсіп, барреліне $84,83 құрады.
NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының тамыздағы фьючерстері 0,43%-ға өсіп, барреліне 81,25 долларды құрады.
Бұған дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі доллар бағамын 27 маусымға белгілеген болатын: доллар бағамы 463,77 теңге, еуро – 495,49 теңге, рубль – 5,31 теңге болды.