Түскі саудада доллар тағы өсті

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2024 16:05 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 24 маусым күні сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттықты жапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,48 теңгеге көтеріліп, 465,28 теңгені құрады.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы дерлік өзгеріссіз қалып, 63,78 теңгені құрады.

ҚР Ұлттық банкінің ресми мәліметі бойынша, доллар бағамы – 464,72 теңге, еуро – 496,32 теңге, рубль – 5,4 теңге.

Бұл ретте мұнайдың стандартты сұрыптарының әлемдік бағасы өткен аптаның соңындағы көтерілгеннен кейін 24 маусымда бірқалыпты төмендеп жатыр.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны барреліне $85,17 құрады, бұл алдыңғы сауданың жабылуындағы көрсеткіштен 7 центке төмен.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада WTI мұнайының тамыз айындағы фьючерстері де арзандап, 80,66 долларды құрады. Алдыңғы саудада келісімшарт бір баррель үшін $0,56 (0,7%) арзандап, $80,73 құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: