Дональд Трамп ХАМАС-ты келісімге шақырды

Дональд Трамп, ХАМАС, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2025 19:44 Сурет: flickr/White House
АҚШ президенті Дональд Трамп Палестинаның радикалды ХАМАС қозғалысын соғыс қимылдарын тоқтатуға және Газа секторында ұсталып, кепілге алынған израильдік адамдарды босатуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы АҚШ президенті Truth Social-дағы парақшасында жазды.

"Газадағы гуманитарлық дағдарысты тоқтатудың ең жылдам жолы - ХАМАС-тың капитуляциясы және кепілге алынған адамдарды босату!", деп жазды Ақ үйдің басшысы.

Бұған дейін ХАМАС қозғалысы Израиль мен АҚШ-тың басқаруындағы Газа гуманитарлық көмек қорын (GHF) таратуды талап еткен. Өйткені, олардың айтуынша, осы қор берген қаптағы ұннан есірткі секілді тәуелділік туыдыратын дәрілік түйіршіктер табылған.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: