Мысырда Газа секторындағы атысты тоқтату туралы қорытынды келісімге қол қойылды

Трамп, Газадағы соғысты тоқтату жайлы келісім, әлес көшбасшылары , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2025 13:13 Сурет: бейнежазба скриншоты
Әлем көшбасшылары Газадағы қақтығысты тоқтату жайлы келісімге келді. Атап айтқанда құжатқа Газа секторындағы соғысты аяқтауға арналған саммит барысында Дональд Трамп, Мысыр басшысы Абдель Фаттах ас-Сиси, Катар президенті Тамим Әл Тани мен Режеп Тайып Ердоған қол қойды.

Іс-шараның тікелей эфирін жүргізген Fox News телеарнасы шараға Израиль мен ХАМАС өкілдері қатыспағанын мәлімдеді.

Трамп аталмыш құжатта Газа секторындағы жағдайды шешуге қатысты "бірқатар ережелер мен шаралар және басқа да аспектілер көрсетілген" деп мәлімдеді.

Саммит аясында АҚШ басшысы бұл күнге жету үшін "3000 жыл қажет болғанын" атап өтті, сондай-ақ Газа бойынша әлемдік мәміле "ең үлкен және ең қиын" екенін айтты.

Айта кетссек, Газа секторындағы соғыс 2023 жылдың қазан айында ХАМАС Израильге шабуыл жасағаннан кейін басталды, ол кезде 1200 адам қаза тауып, 251 адам кепілге алынған болатын.

Палестина билігінің мәліметінше, соғыстың екі жылында Газадағы израильдік соққылардың салдарынан 67 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: