Мысырда Газа секторында атыс-шабысты тоқтату туралы қорытынды келісімге қол қойылды
Сурет: видеодан алынды
Құжатқа Мысырдың Шарм-Эль-Шейх қаласында өткен "бейбітшілік саммитінде" қол қойылды. Іс-шараға Израиль мен ХАМАС өкілдері қатысқан жоқ. Іс-шара барысы Fox News телеарнасында тікелей эфирден көрсетілді.
Трамп бұл құжатта Газа секторындағы жағдайды шешуге қатысты "көптеген ережелер, талаптар мен басқа аспектілер көрсетілгенін" жеткізді.
Саммит аясында АҚШ президенті бұл күнге жету үшін "3000 жыл қажет болғанын" атап өтті, сондай-ақ Газа бойынша әлемдік мәміле "ең үлкен әрі ең қиыны" болғанын атап өтті.
"Мен бұл қатты қиын болады деп ойладым, мүмкін көбіне солай да болды, бірақ бізде талантты адамдар көп қой. Біз керемет таланттарды іріктеп алдық және оның көп көмегі болды, әсіресе осы үстел басындағы елдердің де", - деді Трамп.
РБК хабарлағандай, рәсім кезінде Трамп үшінші дүниежүзілік соғыстың ықтималдығын жоққа шығарды.
Leaders of the United States, Egypt, Qatar, and Turkey sign a ceasefire agreement between Israel and Hamas, marking the end of the war in Gaza. pic.twitter.com/M2Xtyc6sW5
— Mohammed Maree محمد مرعي (@mar3e) October 13, 2025
Газа секторындағы соғыс 2023 жылы қазанда басталды. Ол кезде ХАМАС Израильге шабуыл жасап, салдарынан 1200 адам мерт болды, сондай-ақ 251 адам кепілге алынды. Палестина билігінің мәліметінше, соғыстың екі жылында Газаға әуеден жасалған шабуыл салдарынан 67 мың адам қаза тапқан.
Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 13 қазанда АҚШ президенті Дональд Трампты Газа секторы бойынша дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады.