Ердоған Швецияның НАТО-ға кіруі туралы хаттамаға қол қойды

НАТО, Швеция, Түркия, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 14:00 Сурет: wikimedia
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Швецияның НАТО-ға кіруі туралы хаттамаға қол қойды. Енді хаттаманы Түркия парламенті ратификациялауы керек, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 қазанда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Швецияның НАТО-ға кіруі туралы хаттамаға қол қойып, оны Түркия парламентіне бекітуге жіберді.

Түркия Швецияның НАТО-ға кіруіне қарсы болғандардың бірі еді. Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон Ердоғанның хаттамаға қол қоюын құптады.

Швеция мен Финляндия 2022 жылдың мамыр айында НАТО-ға кіруге өтініш берді. Финляндия НАТО-ға сәуір айында мүше болды, ал Швецияның альянсқа кіруіне Түркия тосқауыл болып, Стокгольмнен бірқатар шарттарды орындауды талап етті.

Швецияның НАТО-ға кіруі туралы келісімді Венгрия да әлі ратификациялаған жоқ.

НАТО ережелеріне сәйкес, жаңа елдер альянсқа оның барлық мүшелерінің келісімімен ғана кіре алады. Бүгінде одаққа 30 мемлекет мүше.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: