Финляндия мен Швеция НАТО-ға кіру туралы хаттамаға қол қойды

НАТО, Финляндия, Швеция, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2022 15:47 Сурет: freepik
Финляндия мен Швецияның сыртқы істер министрлері НАТО-ға кіру туралы хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енді НАТО-ға мүше барлық елдер құжаттарды ратификациялауы керек.

РБК сайты жазғандай, НАТО-ның барлық 30 мүшесі осы құжаттарды ратификациялағаннан соң екі ел де НАТО-ға кіреді.

Бүгін біз НАТО-ға кіру туралы хаттамаға ресми түрде қол қойып, ратификациялау рәсімін бастаймыз. НАТО-ның есігі барлық еуропалық демократиялық елдерге ашық. Біз 32 қатысушы елмен күшейе түсеміз. НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг

Қазір НАТО-ға мүше елдер: Албания, Бельгия, Болгария, Венгрия, Германия, Грекия, Дания, Исландия, Испания, Италия, Канада, Латвия, Литва, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Солтүстік Македония, Словакия, Словения, Ұлыбритания, Солтүстік Ирландия Корольдігі, АҚШ, Түркия, Франция, Хорватия, Черногория, Чехия, Эстония.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: