Трамп Ресейге Украинадағы қақтығысты реттеу үшін 10–12 күн уақыт берді
Сурет: flickr/Gage Skidmore
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге Украинадағы соғысты реттеуге қатысты қойылған ультиматумның мерзімін қысқартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ол 28 шілде күні Шотландияда Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен кездесуден кейін журналистерге айтты.
"Мен жаңа мерзімді белгілеймін – бүгіннен бастап 10 немесе 12 күн", - деді АҚШ президенті.
Трамптың айтуынша, "50 күн күтудің еш қажеті жоқ".
"Мен кең пейіл танытқым келген, бірақ біз ешқандай ілгерілеушілікті көріп отырған жоқпыз", - деп түйіндеді ол.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript