Трамп Украинадағы соғыстың басталуына 3 адамды кінәлады

Дональд Трамп, Трамп, президент Америки, президент США, президент Соединённых Штатов Америки , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2025 13:44 Фото: flickr/Gage Skidmore
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғыстың басталуына 3 адам кінәлі деп мәлімдеді.

Ақ үйдегі баспасөз мәслихатында Трамп Ресей президенті Владимир Путиннің, АҚШ-тың экс-президенті Джо Байденнің, Украина президенті Владимир Зеленскийдің атын атаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Америка лидері өзінің бірінші президенттігі тұсында "Путин Украинадағы соғысты бастау туралы ойлаған жоқ. Ал Байден соғысты тоқтата алатын еді, алайда олай жасаған жоқ" ,- деп мәлімдеген.

Трамп соғысты, адамдардың өлімін тоқтатуға тырысып жатқанын, жақында жақсы ұсыныстар болып қалатынын да айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: