Қазақстанда КВИ-ді қайта жұқтыру дерегі тіркелген

4 Қараша 2020, 14:13
Сурет: Алматы әкімдігі

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын қайта жұқтыру дерегі анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

- Қайта жұқтыру дерегі бір рет тіркелді. Ол адам пандемия басталғанда-ақ ауру жұқтырған, одан кейін жазда тағы ауырды, - деді брифингте БҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Гүлнар Абдрахманова.

Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 4 981 адам ем-дом алуда, оның ішінде 340-ы - бала. Ауруханаларда - 2 510, амбулаториялық деңгейде 2 471 науқас емделіп жатыр. 148 адамның жағдайы ауыр, 18-інің денсаулығы өте ауыр деп бағаланады, 20 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Елімізде коронавирус инфекциясы бойынша жалпы саны 113 741 жағдай тіркелді, оның 106 893-ы емделіп, жазылды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?