БҚО-дағы КВИ-ді қайта жұқтыру дерегі бойынша қосымша мәлімет жарияланды

Әйел адам қазір ауруынан жазылған.
Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы коронавирус инфекциясын қайта жұқтырған әйел адам екендігін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
- Ол - әйел адам, алғаш сәуірде, екінші рет тамыз айында ауырған. Ол жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдады, - дейді денсаулық сақтау басқармасы.
Әйел қазір ауруынан жазылған.
Бүгін, 4 қарашада БҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Гүлнар Әбдірахманова облыста жаз айында коронавирус инфекциясын екінші қайтара жұқтыру жағдайы тіркелгенін айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript