Алматыда жол апаты кезінде жүк көлігінен секіріп кеткен жүргізуші көз жұмды

4 Қараша 2020, 14:37
Сурет: zakon.kz

Тежегісі істен шыққан жүк көлігінен секіріп кеткен жүргізуші Алматыдағы ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

3 қарашада Дулати және Набережная көшелері аумағында жол апаты болды.

Жүк тиеген Shacman көлігі Nissan Maxima-ға соғылып, аялдама мен трансформаторды жұлып, содан кейін көпқабатты үйдің ауласына сүйретіліп барып бір-ақ тоқтады. Жүк көлігінің жүргізушісі апат кезінде көліктен секіріп кеткен. Барлық соққыдан кейін жүк көлігінің кабинасы мыжылып қалған.

Денсаулық сақтау басқармасы 1973 жылғы науқас Алматы қаласының орталық қалалық клиникалық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне шұғыл түрде келіп түскенін хабарлады.

Жедел жәрдем дәрігерінің айтуынша, науқастың дене жарақаттары 3 қараша күні орын алған апат салдарынан алынған.

- Бригада ауыр жағдайда науқасты Орталық клиникалық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізді. Барлық мамандармен бірге нейрохирург, травматолог дәрігерлер де зардап шегушіні тексерді. Операция алдындағы дайындық тексеруден кейін оны денсаулығына байланысты бірден отаға жатқызды, - дейді Алматы орталық қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Дәулет Шүкіманов.

Алматы қалалық полиция департаменті жүргізушінің қайтыс болғанын растады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?