Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан жеті адам көз жұмды

иллюстрация үшін алынды иллюстрация үшін алынды
Nissan Qashai жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың шетінде тұрған ауыр жүк көлігі Volvo-мен соқтығысқан.

Алматы-Өскемен тас жолында екі көлік жол апатына ұшырап, жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

14 ақпанда Алматы-Өскемен тас жолында апат болды. Nissan Qashai жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың шетінде тұрған ауыр жүк көлігі Volvo-мен соқтығысқан.

Жол апатынан жеті адам қаза тапты (Nissan жүргізушісі мен төрт жолаушысы, сонымен қатар Volvo жүк көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушысы). Қазір қаза тапқандар адамдардың жеке басы анықталып жатыр. Оқиға орнында облыстық полиция департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ Ақсу аудандық полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы жұмыс істеді, деп хабарлады Алматы облысының полициясы.

"Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бабы бойынша тергеу басталды.

Алматы облысының полиция департаменті қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: