Мас жүргізушінің кесірінен 47 жастағы әйел көз жұмды

arnapress.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2018 18:40 arnapress.kz
Арқалық-Торғай тасжолында «Ауди 80» маркалы автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен.

Қостанай облысында жол апатынан 47 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Амангелді ауданындағы Қарасу ауылының маңында болған.

«Жол апаты туралы аудандық ІІБ кезекші бөліміне аурухананың фельдшері хабарлады. Арқалық-Торғай тасжолында «Ауди 80» маркалы автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кетті. Нәтижесінде көлікте отырған 47 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмды», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженар.

Медициналық сараптамаларға сәйкес, көлік жүргізушісі мас күйінде болмаған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы («Жол қозғалысы ережесінің бұзылуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: