Биыл Алматы облысының 1,2 млн тұрғыны газға қосылуға мүмкіндік алады

4 Қараша 2020, 14:41
Сурет: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдматы облысында ауыз сумен қамту жүйелерінің құрылысы мен жөндеуіне қатысты 17,9 млрд теңгеге 110 жоба іске асырылуда. Осының нәтижесінде 90 елді мекенде ауыз су сапасы жақсарады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов брифинг барысында айтты, деп хабарлайды zakon.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Бүгінгі күні Алматы облысы ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамту бойынша көшбасшы саналады – қамту көрсеткіші – 98,8%. Ал өңір халқының 80%-і ауылда тұратынын сіздер жақсы білесіздер, - деді А. Баталов ОКК алаңында өткен брифингте сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар бүгінгі күні газ облыстың 15 ауданы мен қаласына жеткізіліп, газдандыруға жататын 144 елді мекенге газ тартылды.

Талдықорғанда IV кезегі аяқталуда, Балқаш, Қаратал, Көксу, Кербұлақ және Ескелді аудандарында ауылішілік желілердің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Жыл соңына қарай облыстың 1,2 млн тұрғыны немесе 57% газға қосылуға мүмкіндік алады.

- Бүгінгі күні бес ауданда газ жеткізілмеген, ол үшін "Ақсу - Сарқан - Үшарал", "Шелек – Кеген - Нарынқол" бағытындағы газ құбырлары құрылысының құжаттамалары дайындалуда. Соның нәтижесінде тағы 300 мың адам газбен қамтылатын болады, - деді ол.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?