Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында 750 мың тұрғын таза ауыз суға жарымай отыр

ауыз суға тапшы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2022 13:58 Сурет: pixabay
Бұл өңір халқының үштен бірі. Су жүйесі тартылған елді мекендердің өзінде де жағдай мәз емес. Жаңадан қосылған 40 нысан істен шығайын деп тұр. Ал 100-ге тарта ауылда жүйелер санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз пайдалануға берілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Ынтымақ» ауылындағы аңқасы кепкен жұрт талай жылдан бері ауыл шетіндегі арықты жағалайды. Су таситын автокөлік мұнда аптасына бір рет келеді. Онда да әр отбасыға 80 литрді өлшеп береді. Бұл Келес ауданындағы жағдай, деп жазады qazaqstan.tv.

Ауыл бес жылдан бері бір бөшке суды сатып алады. Үйді-үйге құйып кетеді. Азанда бетін қолын сонымен жуады. Бұзауын сонымен суарады Әбдіәкім Аманов, ауыл биі

Сайрам ауданы Әйтеке би ауданының тұрғындары да он жылдан бері су таситын автокөліктің жолын тосумен күн өткізіп келеді. Бір машинесі 4 мың теңге. Бірақ оның өзі лас. Апта өтпей жатып, құрттап, жәндіктері жыбырлап шыға келеді.

Сатып алатынды водовозбен бөшкемізге құйдырамыз. Оның өзінде таза су әкеп бермейді бізге. Ақсудың суын әкеп береді, арықтың суын әкеп береді. Оған кір жуамыз басқа қыламыз. Нариман Омаров, ауыл тұрғыны

Түркістан облысында бүгінгі таңда осындай 113 елді мекен бар. Бұл ауылдарда шамасы келген жұрт таза суды өзге жақтан тасып ішеді. Жағдайы жоғы арықтың лас суымен өзегін жалғауға мәжбүр. Прокуратура одан бөлек 89 ауылда ауыз жүйелері мен су ұңғымаларының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз пайдалануға берілгенін анықтады.

Талдау қортындысымен облыс әкімдігінің атына заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгіздік. Ұсынудың қарау нәтижесі бойынша қала-аудандардағы ауыз су саласына жауапты бөлім басшылары, жауапты бөлім мамандары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бақытжан Әбдешов, Түркістан облысы прокурорының аға көмекшісі

Түркістан облысында 843 елді мекен болса соның тек 119-ы ғана орталық су жүйесіне қосылған. 200-ден астам ауылдағы құбырлардың тозығы жеткен. Оның ішінде құрылысы аяқталмай жатып жарылып, ұңғымадағы су шелекке ілінбей тартылып кеткендері қаншама. Соған қарамастан жергілікті биыл өңір халқын 2025 жылға дейін түгел таза ауыз сумен қамтамасы етеміз деген уәдесінен танбай келеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: