Садыр Жапаров Қырғызстан президенті міндетін 14 қарашаға дейін тапсырады

4 Қараша 2020, 16:40
Сурет: gov.kg

Президент міндетін атқарушы премьер-министр Садыр Жапаровтың жергілікті телеарналардың біріне хабарлауынша, саясаткер мемлекет басшысы міндетін 14 қарашаға дейін тапсырады, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

"Конституцияға сәйкес, президент және президент міндетін атқарушы сайлауға түсе алмайды. Бірақ мен президент міндетін 14 қарашаға дейін тапсырып, сайлауға түсемін", - деді Жапаров.

4 қарашада сайлауға қатысқысы келетінін "Қырғызстан" саяси партиясының жетекшісі Қанатбек Исаев пен саясаткер Бақыт Бакетаев мәлімдеген.

Орталық сайлау комиссиясына бес адамнан сайлауға түсуге өтініш келді. Адахан Мадумаров, Назарбек Нышанов, Кубан Чороев, Арстанбек Абдылдаев және Бектур Асанов президент сайлауына түскісі келеді. Олардың бәрі өзін ұсынған.

24 қазанда ОСК президент сайлауын 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіледі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?